Сайын Шапағатов мешітінің жамағаты табиғат аясында бас қосты
ҚМДБ тарапынан жүзеге асып жатқан «Darhan Dala»отандық рухани туризм жобасы аясында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің Жаңасай сайына барып,табиғат аясында бас қосты.
Жамағатпен бірге ұйымдастырылған рухани сапар барысында мешіт имамы Арман Азанқұлұлы ауызбіршілік,татулық турасында насихат айтып,сүбелі сұқбат құрды.


