Сайын Шапағатов мешітінде “Намаз оқып үйренейік” дәрісі өтті
Қасиетті Рамазан айына орай “Діни оқу ағарту” бағыты аясында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде”Намаз оқып үйренейік” дәрісі өтті.
Оқу ағарту бағыты бойынша өткен дәрісте мешіт имамы Арман Азанқұлұлы намаз бастауға ниетті азаматтар мен жаңадан намаз бастаған жамағатқа Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісін көрсетіп, намаз төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.


