blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде “Әжелер мектебі” құрылды

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы Дін мен дәстүр бағыты аясында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде ақжаулықты “Әжелер мектебі” құрылды.

«Әжелер мектебінің»құрудағы мақсаты – жас қыз-келіншектерге бағыт – бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі шаралар ұйымдастыру,салт-дәстүрімізді келешек жас ұрпаққа насихаттау.Жиында мешіт ұстазы  игі шара шымылдығын ашып,әжелерміздің тек өз отбасының ғана емес бүкіл ел-анасы екенін тілге тиек етіп, әйелдің қоғамдағы рөліне тоқталды. Әйел-қыздар тәрбиесі баршамызға ортақ – аманат деген мешіт ұстазы әжелер мектебін бірлесе қызмет жасауға шақырды.