Сайын Шапағатов мешіті:Бүлдіршіндерге “Рамазан тәттілері” таратылды
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге “Рамазан тәттілері” таратылды.
Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 45 бүлдіршінге тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілерді салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.


