blog Images

Сайын Шапағатов мешіті «Рамазанда бір тал ек» акциясына үлес қосты

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында  ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ауласына 30 түп жеміс ағашы отырғызылды.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Дін мамандары мен мешіт жамағаты бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Көктем келіп дала әсемдене түскенде оған өз үлесіңізді сіз де қосыңыз.