blog Images

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында 42 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Бұл игі бастама жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қуанышын арттырып, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар акция қоғамда қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауды көздейді.

Оқушылар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай игі шаралардың жалғасын табуына тілектестіктерін жеткізді.