blog Images

« Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде айлық отырыс өткізілді

Республика күніне орай «Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде әдеттегідей айлық отырыс ұйымдастырылды.

Алқалы жиынға РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің  бас имамы Юнус Қадырқұлұлы арнайы келіп, өзінің өтімді өнегелі уағыз -насихатын айтып, жамағатты тұрақтылық пен бірлік ынтымаққа үндеп, егемендіктің маңыздылығы мен елдіктің, туған жер, Отанның қадір қасиеті жайында сөз қозғады.Жиын соңында жиылған жамағатқа дастархан жайылып,ас берілді.