blog Images

«Сәби Атабайұлы» мешіті: әйелдер жамағаты арасында игі шаралар өткізілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылдық «Сәби Атабайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен  әйел шәкірттерінің ,жалғастырушы топ шәкірттерінің арасында Құранды жатқа оқудан жарыс өткізілді.

Одан бөлек ұлттық спортты дәріптеу мақсатында дәстүрлі садақ атудан әйелдер жамағаты арасында жарыс өткізілді. Садақ ату- спорттың дәлдік пен мергендікті, сондай-ақ, үлкен дайындықты талап ететін ерекше түрі.Жарыс соңында жеңімпаздарға «Періштелерді танығым келеді»,»Пайғамбарды  танығым келеді»,»Алланың 99 есімін білгім келеді»кітаптары сыйға беріліп,80-мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді.Игі іс шараға қатысушы әрбір бүлдіршінге тәттілер үлестіріліп, шара соңында ақ дастархан жайылып, ас берілді.