Руслан Миятбекұлы облыстық мешіт жамағатымен кездесті
«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.Аталған іссапар барысында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен кездесу өткізді.
Бесін намазында мешіт жамағатымен кездесіп,»Әке-отбасы тірегі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.Дінімізде де, халық дәстүрінде де шаңырақтың тірегі, отбасының асыраушысы, үйдің берекесі деп танылған әкенің орны қашан да үлкен. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деп айтылғандай перзентке әкенің берер тәлімін, көрсетер тәрбиесін ешқандай өзге жерден үйрену мүмкін емес екендігін,әкемен қарым-қатынастағы әрбір сөзіміз бен ісімізде оған деген сый-құрмет пен ілтипат білну керектігін айтып өтті.