Республикалық мүшәйра жеңімпаздары марапатталды
Түркістан қаласында «Адамзаттың ардағы, қос дүние сардары» тақырыбында өткен республикалық жыр мүшәйрасы мәреге жетті. Наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері мен әділ қазылар мүшелері жеңімпаздарды марапаттады.
Еліміздің әр аймағынан 110 ақын қатысқан бәйгеде топ жарғандардың тізімі төменде:
Бас жүлде – Абай Ораз (Ұлытау облысы) – автокөлік;
І орын – Қуанышбек Шарманов (Абай облысы) – 1 млн. тг
ІІ орын алғандар: Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы) – умра қажылығы, Біржан Байтуов (Шымкент) – умра қажылығы, Нұрқанат Қайрат (Павлодар облысы) – умра қажылығы.
Үшінші орын алған Қажымұқан Абзалов, Батырхан Сәрсенхан, Жәкеш Ғалым сынды ақындарға 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
«Серік Қалиев» атындағы жүлдені ұтып алған Біржан Ахмер (Астана қаласы) 300 000 теңгені иеленді. «Әселхан Қалыбекова» атындағы жүлде Алпамыс Файзоллаға (300 000 теңге) бұйырды. «Шал ақын» атындағы жүлдеге астаналық ақын Алмас Ақтасов (300 000 теңге) лайық деп танылды. «Майлықожа» атындағы жүлде астаналық ақын Жадырасын Дәулетке (300 000 теңге) бұйырды.
Айта кетсек, жыр мүйшәйрасына елімізге танымал ақындар қазылық етті.