Республика күніне орай қарттар үйіне зиярат жасалды
Республика күніне орай Ақтау қалалық “Ержан Хазрет” мешітінің ұйытқы болуымен қарттар үйіне зиярат жасалды.
Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері 50 қарияны мерекемен құттықтап сыйлық салынған қорапша таратты. Қариялар да өз кезегінде мешіт қызметкерлері мен жамағатқа алғыс білдіріп, өз баталарын берді.

