РАНТ мүшесінің облыстық мешіттегі дәрістері жалғасуда
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнус Қадырқұлұлы жамағатқа дәріс өткізуде.
«Бала түсірудің кінәсі» тақырыбында насихат айтқан Юнус Қадырқұлұлы адам өмірінің баға жетпес құнды екенін,жанды берген АллаҺ ғана жанды алады кім бұл заңдылықты бұзса жазаланатындығын түсіндіріп өтті.