blog Images

РАНТ мүшесі жазасын өтеушілермен кездесті

РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында ғибратты насихат айтып, тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.