blog Images

РАНТ мүшесі жазасын өтеушілерге насихат айтты

«Ислам және дәстүр құндылығы»жылы аясында РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Юнус Қадырқұлұлы «Құран тәпсірі бойынша»ән- Нәһл»сүресінен насихат айтып,тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.