РАНТ мүшесі жазасын өтеушілерге насихат айтты
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі,коуч Арман Қуанышбаев Ақтау қаласындағы іс-сапар барысында Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.
Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Арман Баймаханұлы ғибратты насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.