РАНТ мүшесі Жаңаөзен жамағатымен жүздесті
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі,коуч Арман Қуанышбаев Ақтау қаласындағы іс-сапар барысында Жаңаөзен қалалық “Әбіш қожа” мешітінің жамағатымен кездесу өткізді.
Елімізге есімі кеңінен жайылған исламтанушы ғалымның уағызына шашамен 1000-ға жуық жамағат жиналып, “тіл апаты”, “ағайын туыспен карым- катынас”, “ауызбіршілік”, “құлшылықтың маңызы” жайлы тағылымды дәріс тыңдап қайтты.


