РАНТ мүшесі «Ыбырайым ахун Құлбайұлы » мешітінде жұма уағызын айтты
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнус Қадырқұлұлы жұма уағызын айтты.
«Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке тұлғасы» тақырыбында жұма уағызын жүргізген Юнус Қадырқұлұлы Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көріп, өнеге еткен адам қияметте Алла Елшісімен бірге болу нығметіне ие болатындығын айтып, бабалар салған сара жолмен жүріп, ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрмет тұтып, атқарған ізгілік амалдарын, ғибратты ғұмырын үлгі етуге шақырды.
Жаратушымыз біздердің Алла Тағала мен Оның Елшісін шынайы жақсы көрушілерден етіп, ақыретте шапағатына бөленуімізді жазып, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!