blog Images

РАНТ мүшесі «Сүйінғара батыр» мешітінде уағыз айтты

РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнес Қадырқұлұлы Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр Үргенішбайұлы» мешітінде  «Мұсылман өмірінде адал табыс пен адал астың маңызы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Юнес Қадырқұлұлы жиналған жамағатқа әрбір мұсылман заманға сай кәсіп иесі, өз саласының майталманы болумен қатар адал табысты басты орынға қоюы тиіс екендігін айтып,адал ризық табуға шақырды.Сонымен қатар,әл-Хижр сүресінен бірнеше аяттарды тәпсірлеп берді.