РАНТ мүшесі «Қосай ата»мешітінде насихат айтты
ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Дәуренбеков Әбдімүтәліп ұстаз Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің жамағатымен жүздесті.
Ақшам мен құптан намазының арасында РАНТ мүшесі жамағатқа «Имандылық» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Ұстаз өз сөзінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтаудың маңызына тоқталып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Шара барысында мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы сөз сөйлеп, келген қонаққа алғысын білдірді. Сондай-ақ ауылдың ақсақалы, шежіреші Қаржаубай Рейімбайұлы жастарға өнегелі өсиеттерін жеткізді.
Уағыз соңында РАНТ мүшесіне жамағат тарапынан құрмет көрсетіліп, қонақасы берілді.





