blog Images

РАНТ мүшесі «Қосай ата» мешітінің жамағатына насихат айтты

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында Юнус Қадырқұлұлы «Ізгі қоғам» тақырыбы аясында насихат айтып, құлшылық үйіне жиналған көпшілікті өзге адамдарға және қоғамға пайдалы болуға шақырды.