

РАНТ мүшесі облыстық «Бекет ата» мешітінде уағыз айтты
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнус Қадырқұлұлы уағыз айтты.
Ақшам намазынан соң «Ата-ананы құрметтеу» тақырыбында насихат айтқан Юнус Қадырқұлұлы исламдағы қарым-қатынастар арасындағы туыстық қарым-қатынастарға қатысты ата-ананы қадірлеу амалы мұсылман үшін үлкен дәреже екендігін айтып өтті.