РАНТ мүшесі облыстық “Бекет ата” мешітінде уағыз айтты
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Темірлан Дарханұлы Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің жамағатымен жүздесті.
Ақшам намазынан соң “Барлық амал ниетке байланысты” тақырыбында насихат айтқан Темірлан Дарханұлы адамның өз қалауымен жасаған жақсы – жаман әрбір ісі түпкі ниетіне байланысты екендігін,ниеттер тек Алланың разылығы үшін болуы, игі іс істеуде ең бастысы жақсы ниетте болу қажеттігі жайлы айтып өтті.



