blog Images

РАНТ мүшесі-Мұнайлы ауданында

Мұнайлы аудандық Дәулет ауылдық елді мекенінен ашылған «Әбу молда » мешітінің алғашқы жұма намазын  ұстаз,ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы өткізіп «Иман шарттары» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында РАНТ мүшесі жамағатпен сұхбаттасып, сұрақ-жауап ретінде әңгіме өрбітті.Жамағатқа мұсылман адам әрдайым дүние-ақыретке пайдалы ізгі амалдарды көптеп жасауы қажет екенін айтты. Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде Алла Тағалаға сүйікті деп танылған ізгі амалдың түрлеріне,иман шарттарына кеңінен тоқталды.Жұма хұтпасы айтылып, жамағатпен жұма намазы оқылды. Ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін дұға жасалды.