РАНТ мүшесі-Маңғыстауда
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында РАНТ мүшесі Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде «Талақ-Алла сүймейтін іс» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Талақтың қоғамға тигізер зияны туралы айтып,жұбайлардың жақсы қарым-қатынаста болып,бір-біріне жанашыр болу керектігін насихаттады.Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде Алла Тағалаға сүйікті деп танылған ізгі амалдың түрлеріне кеңінен тоқталды.
«Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы». Бұл аят адам баласын ажырасуға алып баратын асығыс шешімдерден қайтарады. Ажырасудың алдын алу керектігін еске салады. Ажырасуға бірден-бір себеп ол – адамның себепсіз сылтау іздеуінде.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أَبْغَضُ الْحَلاَلِ إِلَى اللَّهِ الطَّلاَقُ
«Алла адал еткен істің ішіндегі ең ұнамсызы – ажырасу», – деген (имам Насаи).
Алла Тағала отбасыларымызға амандық, әр шаңыраққа береке мен бақыт нәсіп етсін!