РАНТ мүшесі-Маңғыстауда
Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы арнайы іссапармен Маңғыстау облысында болды.
Ұстаз Нұрәлі Бақытұлы Маңғыстау ауданы Шетпе орталық мешітінде «Әсіре діншілдік» тақырыбында ақшам намазы уақытында жамағатқа уағыз-насихат айтты.Қазақтың діншіл болмысында да білімсіз дін ұстану діншілдікке жатпайды. Сондықтан дала тағылымгерлерінің асыл сөздері мен байырғыдан келе жатқан дәстүрлі діни сананы жаңғыртудың рөлі айырықша екендігін айтып өтті.Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде толық мағлұмат берілді.