РАНТ мүшесі Бейнеу аудандық мешітінің жамағатымен жүздесті
«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Қасиетті жұма күнімен тұспа -тұс келген іссапар барысында Руслан Миятбекұлы Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун мешітінің жамағатымен кездесті.Ақшам намазы мен құптан намазы арасында өткен кездесу барысында әке мектебі,бала тәрбиесі,жұбайлар қарым-қатынасы,отбасы мәселесі тақырыбында насихат айтып,кездесу соңы сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.