РАНТ мүшесі Бейнеу аудандық мешітінде жұма намазын өткізді
«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Қасиетті жұма күнімен тұспа -тұс келген іссапар барысында Руслан Миятбекұлы Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун мешітінде «Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.Мәзһабты бөліну емес, керісінше шариғат үкімдеріне әркім өз бетінше амал етпес үшін, бір жолды ұстану деп түсінуіміз қажет екендігін түсіндіріп өтті.