blog Images

РАНТ мүшесі «Ар-Рахман» мешітінің жамағатына насихат айтты

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында Юнус Қадырқұлұлы құлшылық үйіне жиналған көпшілікке адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі – адалдық туралы ғибратты насихат айтып, ізгі ұстанымдарды ту еткен ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және саңлақ сахабалардың өмірінен үлгі алуға шақырды.