РАНТ мүшесі Ақтауда
РАНТ мүшесі,Ақтөбе медресе колледжінің директоры Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы Ақтау қаласына арнайы іс-сапармен келді.
Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында Әбдімүтәлі Қайназарұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде»Қанағат қарын тойғызар» тақырыбында жұма уағызын өткізіп, байлық дүние-мүліктің көптігінде емес, байлық жүректегі қанағатшылдықта екендігін насихат етіп,барымызға шүкіршілік етуге, жамағатты қанағатшыл болуға шақырды.
Одан бөлек, ақшам мен құптан намазы арасында «Білім алудың маңызы» тақырыбында насихат айтты.Білім мен тәрбиені қатар алу маңыздылығы турасында айтып,жастарды білім алуға шақырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда ҚМДБ ға қарасты 9 медресе,1 университет жұмыс жасап жатыр.Соның бірі, Ақтөбе медресе колледжінде қазірде 300-ге жуық шәкірттер білім алуда.