blog Images

РАНТ мүшесі «Әбіш қожа»мешітінде жұма уағызын айтты

Бүгін Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешітінде ҚМДБ РАНТ мүшесі, белгілі ұстаз Әбдімүтәліп Дәуренбеков жамағатқа жұма уағызын жүргізді.

Уағыз барысында ұстаз «Тән мен жанның рухани тазалығы» тақырыбын арқау етіп, мұсылман баласының жүрек пен тән саулығына мән беруі, рухани тәрбие арқылы имандылыққа ұмтылуы жайында терең ой қозғады.

Әбдімүтәліп ұстаз жамағатқа күнделікті өмірде рухани тазалықты сақтаудың амалдарын, күнәдан арылып, ізгілікке бет бұрудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, адам баласының жүрегін иман нұрымен тазартып, амалды шынайылықпен орындаудың хақ жол екеніне тоқталды.

Жиын соңында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы  ұстазды жамағатқа таныстырып, жылы лебізін білдірді.