blog Images

Рамазан айының алғашқы он күні пысықталды

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндік жұмыс барысын пысықтауға арналған жиналыс өтті.

Жиынға Ақтау қаласы,Түпқараған ауданы,Мұнайлы аудандарына қарасты мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты.Жиын барысында алғашқы он күнде атқарылған жұмыстарға тоқталды.Сондай-ақ,ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау,рухани және қайырымдылық шараларды ұйымдастыру жайлы өз қозғалып,мешіттердің  имамдарына ұлық айда атқарылуы тиіс іс-шараларға ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Сонымен қатар, «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Рамазанға қатысты 200сұрақ» кітапшасы,«Ораза (әдебі шарттары, пайдалары мен артықшылығы)» және «Рамазан пәтуалар» кітапшаларын мешіт жамағатына таныстырып,тегін тарату жайлы нақтылы тапсырмалар имамдар қаперіне берілді.