Рахат ауылында Құран жарысы өтті
Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысушылар 30-шы пара, яғни «Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу және «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу аталымдары бойынша бақ сынасты.
Құран жарысына Жаңаөзендегі «Шаңырақ ш/а» мешітінің ұстазы Әжімұқан Өтебақ, Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің ұстазы Асадулла Хабибуллаұлы, Набатбаев Асқар қари сияқты азаматтардан құрылған қазылар алқасы төрелік етті.
Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.
Жарыс нәтижесі төменде:
«Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу:
І орын – Нұриханова Қоныс (50 000 теңге);
ІІ орын – Мәулешов Аманжан (40 000 теңге);
ІІІ орын – Құлбай Қасымжомарт (30 000 теңге).
«Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу (мектеп жасындағы шәкірттер арасында):
І орын – Ақназаров Серік (30 000 теңге);
ІІ орын – Молдағали Тоқтар (20 000 теңге);
ІІІ орын – Айдарлы Абдырхан (10 000 теңге).
Аталмыш жарыста жүлделі орын алған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға қасиетті Құран кітабы сыйға берілді.
Құран жарысынан кейін ақ дастарқан жайылып, Әжімұқан Өтебақ ұстаз тұщымды уағыз-насихат айтты.
«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің имамы Жұмабай Қуандықұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!