blog Images

Қызылсай ауылында тоғызқұмалақтан сайыс өтті

Жаңаөзен маңындағы Қызылсай ауылының 65 жыл толуына орай, Қызылсай ауыл әкімшілігі және Қызылсай ауыл ақсақалдар төрағасының ұйымдастыруымен  ұлттық ойын тоғызқұмалақтан  сайыс өткізілді.

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойын.  Ұлттык дәстүрлі ойынымызды дәріптеу максатында ұйымдастырылған сайысқа «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің бас имамы Бералы Жалғасбайұлы да қатысып 3-ші орынға ие болды .Сайыс соңында тапқырлық танытып, жүлделі орын алған қатысушылар марапатталды.