blog Images

ҚҰРБАН АЙТҚА ОРАЙ ДАЙЫНДЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мұсылман күнтізбесіндегі ұлық мерекенің бірі -Құрбан айт мейрамын өткізуге арналған дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында аудан және қала имамдарына арналған алқалы жиын өткізді.

Биылғы Құрбан айт мерекесін атап өтуге бекітілген іс-шаралар жоспарын таныстыру, сонымен қатар ҚМДБ жоспары негізіндегі дәстүрлі «Имани жаз-2025» жазғы діни сауат ашу курсын мешіттерде ұйымдастыру бойынша нақтылы тапсырмалар берілді. Және де құрбан шалынатын орындардың санитарлық тазалығы мен ветеринарлық талаптарға сәйкес болуын қадағалау тағы сол сияқты құрбан айт күнгі орындалатын діни рәсімдерге мұқият қарау пысықталды.

Одан өзге Құрбан айт мерекесіне орай облыстық, қалалық және аудандық мешіттер жанына киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүрімізге сай түрлі шаралар, жамағаттың бірлігін арттыру ұлттық ойындар ұйымдастыру, қарттар үйі мен жетімдер үйіне еттер үлестіріліп, айт дастарханы жайылып, айт мерекесімен құттықтау, әйел-қыздардың ұйымдастыруымен жәрмеңкелер өткізу, Құрбан айт мейрамын сезіндіріп және көңілді өткізу үшін түрлі ойындар, айттық базарлық дайындау туралы да айтылды.

Айта кетейік,биыл арапа – 5 маусым күні болса, Құрбан айт – 6 маусым күні басталады.  Құрбан айт күндері – 6,7,8 маусым.