ҚҰРБАН АЙТ-2024:ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ
Құрбан айт мейрамының алғашқы күні ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құрбан айт күні «Korkem Alem»ет комбинатына барып, онлайн шалынған құрбандық еттерін таратып берді. Айт күнгі құрбан еттерін алған жандар алғыстарын білдірді. Жалпы,55 отбасыға ет үлестіріліп мұқтаж отбасыларға таратылды.
Сондай-ақ www.qurban2024.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы да ойдағыдай орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі жіберілді.
Еске сала кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылды. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!