blog Images

«Құран-екі дүниенің шамшырағы» атты облыстық Құран жарысы өтті

«Ислам және отбасы құндылығы »жылы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Махмұтқызы Аманбике анамызды еске алуға арналған әйел-қыздар арасында «Құран-екі дүниенің шамшырағы» атты облыстық Құран жарысы өтті. 

Сайыс қа қатысушылар Құран Кәрімнің 29-30 ыншы және 30-ыншы параларын жатқа айту, Құран Кәрімді Мәнерлеп оқу сайыстары бойынша сынға түсті. Сайыс нәтижесінде 29-30 паралар бойынша

I – орын Ерменбетқызы Амина, – (150 мың теңге),

II – орын Қияшова Камшат -(100 мың теңге),

III – орын Алданазарова Сағира (50 – мың теңге),

Ал, 30 -ыншы параны жатқа оқу бойынша:

I – орын Қалбайқызы Райхан- (100 мың теңге),

II – орын Қамбар Асима -(60 мың теңге),

III – орын Алданазарова Сағира (40 мың теңге),

Ал Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

I – орын Нурниязова Махаббат -(40 мың теңге) ,

II – орынды Джумагазиева Пердегүл (30мың теңге)

III – орын ды Мұханова Ақдүзел (20 мың теңге) жеңіп алды.

Сайысқа қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құран жаттаудың маңыздылығына тоқталып, игі іске бастама болған Аманбике анамыздың ұрпақтарына алғысын білдірді.