blog Images

«ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!» РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының келуіне орай Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеш өтті.

Мешіт жамағаттарының басқосуымен өткен жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы шара шымылдығын ашып,ардақты да сауапты ай Рамазан айының келуімен құттықтады. Сонымен қатар,»Исламдағы отбасы құндылығы»,»Әке-отбасы тірегі» тақырыбында насихат айтты.Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ұстазы Әжімұқан Өтебақ «Рамазан айының артықшылығы» ,»Рамазан айына рухани дайындық» жайлы насихатын жеткізді.