

«Қосай ата»мешіті:Рамазан айына дайындық пысықталды
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата»мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық жиналысы өтті.
Мешіт бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы мешіт қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан биылғы Рамазан айында мешіт қызметкерлерінің атқарылуы тиіс іс-шаралар таныстырып, Қасиетті айда мешіт тазалығына жіті мән беріп, мешітке келген қонақтарға әдептілікпен жол көрсетуді, Қадір кешіне орай іс- шаралар атқару, қайырымдылық істері т.б) жайында атап өтіп, нақтылы тапсырмалар берді.
Жиын соңында мешіт қызметкерлері Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесінде ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салып тарқасты.