«Қосай ата»мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 20 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды.
Игі іске атсалысқан мешіт жамағаты мен демеушілер балалардың қуанышына себепкер болып, олардың білім жолындағы қадамына қолдау көрсетті.
Бұл қайырымдылық шарасы – жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыруға және олардың жүрегіне қуаныш сыйлауға бағытталған ізгі бастама болды.






