blog Images

«Қосай ата»мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде  Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мешіттің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың ғибратты өмірінен уағыз-насихат айтты.Осы мерекеге орай, мешіт жамағаттары арасында арнайы мәуліт күніне ұйымдастырылған Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны жазылған» Адамзаттың асыл тәжі» атты кітабынан байқау өтті. Байқауға қатысқан жамағатқа арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Іс шара соңында мерекелік ақ дастархан жайылып жақсылыққа жаны құштар жамағат жиналып Пайғамбарымыз еске алынып мәуліт қасидасы оқылды.