blog Images

«Қосай ата мешіті»:»Садақ атудан» спорттық шара өтті

Дін мен дәстүрді ұштастыра білу мақсатында Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан«Қосай ата »мешітінің шәкірттері арасында “Садақ ату-ұлттық спорт”  атты  шара өтті.

Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі  садақ  ату  спорты  әсіресе, жастар  арасында  қарыштап  дамып  келеді.Садақ ату  спорты  жастарды  шымырлық пен  мергендікке  баулыйды. Өз  елі мен  Отанын  сүюге, тәуелсіздіктің  қадірін  түсіну арқылы нағыз  патриот  болуға  бастайтын  бұл   шара кемелді  келешек  иелері  арасында аса қызықты  әрі тартысты  өтті.

Сайыс нәтижесі бойынша:

1-орын Сүлеймен Нұрлыхан
2-орын Жакен Абдурахман
3- орын Нұрмұхаммедұлы Дінмұхаммед иеленді.Шара соңында жеңімпаз атанған қатысушыларға арнайы сыйлықтар үлестірілді.