blog Images

«Қосай ата» мешітінің имамы науқас ақсақалды зиярат етті

Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы осыдан 10 жыл бұрын құлшылық үйінде күзетші болып қызмет атқарған Жексенбай ақсақалдың науқастанып қалғанын естіп, қарияны зиярат етті.

Ауруханада орын алған кездесу барысында Нұрмұхаммед Бахарамұлы Жексенбай атамыздың көңілін сұрап, дертіне Алладан шипа тілеп, дұға жасады.