blog Images

«Қосай ата» мешітінде жылдық жоспар құрылды

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммедтің бастамасымен  жылдық жоспар құрылып, мешіт қызметкерлерімен арнайы жиналыс өткізілді

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен  «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу – ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру»  бес бағыт бойынша және уағыз- насихат  жұмыстарын желіде жандандыру ,тазалық мәселесі бойынша арнайы тапсырмалар берілді.