blog Images

«Қосай ата» мешітінде жамағаттың басқосу жиыны өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде жастар арасында «Ихсан және дін мен дәстүр» бағыты аясында дәстүр құндылықтарын дәріптеу мақсатында бас қосу жиыны өтті. 

«Қосай ата» мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед жиылған жамағатқа  уағыз -насихат айтты.Жиында  Абайдың қара сөзінен, салт-дәстүр бойынша сұрақтар, мақал -мәтел, нақыл сөздерден топ- топқа бөлініп сұрақ жауап жарысы өткізілді. Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен үлестірілді.