“Қосай ата” мешітінде “Зекет” тақырыбында семинар өтті
Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық “Қосай ата” мешітінде “Зекет” тақырыбында семинар өткізілді.
Жұма намазынан соң өткен семинарда “Қосай ата” мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы мен мешіт ұстазы Бежен Серікболат “Зекет үкімі”,”Зекет кімдер береді”?”Нисап мөлшері” тақырыбында жамағатқа насихат айтты.Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.



