blog Images

«Қосай ата» мешітінде «Пәтуа сағаты» өткізілді

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата»мешітінде жұма намазынан соң жамағатқа «Пәтуа сағаты» өткізілді.

Рамазанға дайындық тақырыбында өткізілген пәтуа сағатында рамазан айына байланысты жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп,рамазан үкімдері, қасиетті ай туралы көптеген пайдалы ақпараттар айтылды.