blog Images

«Қосай ата» мешітінде айлық отырыс өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде айлық отырыс болып өтті.

«Қосай ата» мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед   Пайғамбарымыз с.ғ.с өмірі жайлы уағыз айтып,»Адамзаттың асыл тәжі»  кітабының  мазмұнын  жамағатқа түсіндіріп берді.Жиын барысында жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың өмірбаяны  жайында жазылған «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітабынан бірінші кезең «Мекке кезеңі»бойынша  сұрақ-жауап өткізілді.Сұраққа жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар тарту етілді.