blog Images

«Қосай ата» мешітінде айлық отырыс өтті

Қасиетті Ережеп айының құрметіне Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде айлық отырыс пен қатар  жамағатқа  дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға құлшылық үйінің жамағатымен қоса «Сәби Атабайұлы» мешітінің имам, ұстаздары, мешіт жамағаттары шақырылды.»Қосай ата» мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед жиылған жамағатқа Ережеп айының қадір-қасиеті жайында уағыз- насихат айта келе, мұндай іс-шаралардың болып тұруы жамағат арасында ынтымақты күшейтіп, бауырмалдылықты арттырудың бірден бір жолы деді.