blog Images

«Қосай ата» мешітінде әйелдер арасында арнайы сабақ өткізілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мәйіті жуындырып, кебіндеу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Бұл сауапты амал туралы хадисте: «Егер адам іште көргендерін ешкімге айтпай, мәйітті арулап, кебіндесе, 40 үлкен күнәсі кешіріледі. Кім кебіндесе, Алла Тағала оған жаннатта барқыттан киім кигізеді. Кім қабір қазса, қияметке дейін бір міскінді үйлі еткен адамның сауабын алады», – дейді.

Ұстаз көмекшілерімен мәйітті жуындыру, кебіндеу тәртібін ретімен көрсетіп, рәсім кезінде айтылатын дұғаларды үйретті.

Сонымен қатар, мәйітті шығарып салу кезінде Аллаға ұнамсыз, серік қосатын амалдардан алыс болуға шақырды.