blog Images

«Қосай ата» мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Ізгілікке бағытталған  шара барысында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 10  отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдіріп,жұмыстарына береке тіледі.